АҚШ-та үшінші вакцинаға рұқсат етілді

АҚШ-та құзырлы орган тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпенің бустерлік дозасын салдыруға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ үшінші компонентті Johnson & Johnson және Moderna вакциналарын қабылдаған азаматтар ғана алады. Айта кетерлігі – әр препаратқа қатысты талап әртүрлі. Мәселен, Johnson & Johnson-ды толық иммундаудан өткеннен кейін 6 айдан соң салдыруға болады. Оның өзінде бұл тек жасы 65-тен асқандар мен қауіпті топтағы ересектер үшін ғана қолжетімді. Ал Moderna-ны кәмелетке толған кез-келген тұрғын препараттың екі дозасын алғаннан кейін кемі 2 айдан соң қабылдай береді.