Сирияда АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасалды

20 қазан күні Сирияның шекара шегіндегі Эт-Танф қаласында дронның көмегімен АҚШ-тың әскери базасына оқ жаудырылған, деп хабарлайды CNN телеарнасы Пентагонның ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Америкалық әскерилер арасында зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығын құны анықталуда.

Сондай-ақ Сирия, Ирак және Иордания шекраларының түйіскен жерлерінде бірнеше мәрте жарылыс естілген. Болған оқиға бойынша әлі ешбір террористік топ жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Еске салсақ, қыркүйек айының соңында АҚШ қорғаныс министрлігі Сирияның Идлиб қаласының маңындағы соққыдан «Әл-Каида» лаңкестік ұйымы жетекшілерінің бірінің көз жойылғанын хабарлаған еді.