Д.Трамптың өз әлеуметтік желісі пайда болады

Д.Трамптың өз әлеуметтік желісі пайда болады

Дональд Трамп өзінің жеке медиатобын құратынын жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бастамасымен жаңа әлеуметтік желі іске қосылады. Атауы – TRUTH Social. Медиахолдинг өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік желі оппозицияға өз ойын айтуға мүмкіндік бермейтін ірі технологиялық компанияларға бәсекелес болады.

Айта кетейік, АҚШ-тың бұрғынғы президентінің Twitter, Instagram, YouTube секілді желілердегі парақшалары бұғатталған. Бұған 6 қаңтардағы оқиғалар себеп. Ол кезде президенттік сайлау нәтижесіне көңілі толмаған Дональд Трамп жұртты тәртіпсіздікке шақырды деп айыпталып отыр.