Қытайдағы жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Қытайдың Шэньян қаласында жарылыс болып, 3 адам ажал құшты. Сондай-ақ 30-дан астам тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін қаладағы мейрамханада газ баллоны жарылғаны хабарланған еді. Оқыс оқиғадан 50 метр аумақтағы ғимараттар мен көліктерге зақым келді.  Аймақтан тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Жарылыс орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Мән-жайды анықтау үшін тергеу ісі басталды.