Непалдағы нөсер жауыннан 90-ға жуық адам қаза тапты

Непалда соңғы үш күн қатарынан толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшкін мен су тасқынынан кем дегенде 88 адам қаза тауып, 30 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды «Хабар 24». ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы 21 қазан күні Nepal Live Today ақпараттық порталы хабарлады.

Газеттің мәлімдеуінше, табиғи апат құрбандарының саны 19 қазан күні 14 адам, 20 қазанда 63 адам, 21 қазан күні 11 адамды құраған.

Қаза тапқандардың 27-сі елдің шығысындағы Пантчар ауданынының тұрғындары.

Метеоролог мамандар 21 қазанда ауа райы жақсарады деп болжауда.