Непал мен Үндістанда табиғи апаттан адамдар қаза тапты

Непалда осы аптада басталған су тасқыны мен лай көшкінінен 99 адам мерт болды.

Жергілікті билік марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін екенін айтады. Құтқарушылар із-түзсіз жоғалған 40 адамды іздестіріп жатыр.

Тасқыннан елдің шығысы мен батыс өңірлері зардап шекті. Табиғаттың тосын мінезі көрші Үндістан тұрғындарын да әуре-сарсаңға салды. Мұнда су тасқынан 88 адам қаза тапқан. Аймақтағы жолдар, көпірлер мен ғимараттар топан су астында қалды. Үндістан мен Непалдағы эвакуация жұмыстарына Қызыл Крест ұйымының мамандары да тартылды. Әзірге тасқыннан келген шығынның нақты мөлшері есептелген жоқ. Синоптиктер жауын-шашын тек апта соңына қарай бәсеңдейтінін айтады.