Дубайда әлемдегі ең үлкен аттракцион ашылды

Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемдегі ең үлкен шолу аттаркционы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Дубай көзі» деп аталатын туристік нысанның биіктігі 250 метрден асады. Оған бір мезетте 1750 адам отыра алады. Бір рет айналып шығу үшін 30 минуттан астам уақыт кетеді.

Айта кетейік, қазір Дубайда «Экспо-2020» көрмесі өтіп жатыр. Қала әкімшілігі бұл іс-шараға миллиондаған адам келеді деп үмітті.

Сондай-ақ...