434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанның вакциналау төлқұжатын Венгрия ғана мойындаған

  • 101
  • UPD: 10:09, 22.10.2021
Қазақстанның вакциналау төлқұжатын Венгрия ғана мойындаған

«Кәрі құрлық» елдері Еуроодақ құрамына кірмейтін мемлекеттердің вакциналау сертификатын мойындау жөніндегі жұмыстарды жылдамдатуы керек. Брюссельде өткен саммиттің алғашқы күнінде Еуроодақ елдерінің жетекшілері осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, осы уақытқа дейін одаққа мүше елдердің ішінде тек Венгрия ғана Қазақстанның вакциналау төлқұжатын мойындаған. Себебі ресми Будапешт Еуропада бірінші болып ресейлік «Спутник V» вакцинасын қолдануға рұқсат берген болатын.

Сонымен қатар қазақстандықтар бүгінде Германия, Польша мен Италия елдеріне ұша алады. Бұл елдер емделуге, оқуға немесе жұмыс істеуге келген азаматтарды қабылдайды. Басқа жағдайларда шетелдіктер Еурокомиссия мақұлдаған вакцинаны салдырған болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы