434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Финляндия мен Австрияда вакцинадан бас тартқандар айыппұл төлейді

  • 146
  • UPD: 20:01, 22.10.2021
Финляндия мен Австрияда вакцинадан бас тартқандар айыппұл төлейді

Әлемнің кей елінде эпидахуал нашарлап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан жергілікті билік санитарлық талаптарды қатаңдатып, міндетті вакциналау шарасын енгізе бастады. Украинада келесі айдың басында мұғалімдер мен мемлкеттік қызметкерлердің егілгені жіті тексеріледі. Ал Финляндия мен Австрияда вакцина мен ПТР тесттен бас тартқандар айыппұл төлейді.

Украинада қарашаның 7-сінен бастап мұғалімдер мен кей мемлекеттік қызметкерлер міндетті түрде коронавирусқа қарсы егілуі тиіс. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вакцина қабылдамаған ұстаздар жұмысын жалғастыра алмайды. Жергілікті билік бұл талап өзге де мамандық иелеріне қатысты болуы мүмкін дейді. Болжам бойынша олардың тізіміне әлеуметтік қызметкерлер, пошта мамандары мен коммуналдық қызмет жұмысшылары кіруі ықтимал.

БЛИЦ:

- Екпе алу міндетті болғандықтан бізде таңдау қалмады. Талапқа бағынудан басқа амал жоқ.

- Халық жеке бас гигиенасын сақтамайды. Антисептиктер қолданбайды. Сондықтан жағдай ушығып тұр.

- Вакциналау вирусты тоқтатуға бағытталған уақытша шара деп есептеймін.

Финляндияда коронавирусты анықтайтын тесттен өтуден бас тартқандар айыппұл төлеуге мәжбүр. Қазір Хельсинки уезіндегі сотта санитарлық ережені бұзған 3 адамның ісі қаралып жатыр. Талапқа бағынбаған тұрғындар саны 60-тан асады. Айыппұл мөлшері бірнеше мың еуродан басталады. Егер тесттен бас тартқан адам өзге тұрғындарға вирус жұқтырса, оған қатысты жаза біршама қатаңдатылады. 

Мароккодағы екпе егу орталықтарында кісі қарасы қалың. Елдегі шектеу шараларының күшеюіне байланысты халық жаппай вакцина салдыра бастады. Мәселен, індетке қарсы дәріні қабылдамағандар бұдан былай фитнес орталықтарына, кафе мен мейрамханаларға кіре алмайды.

Мұхаммед, жергілікті тұрғын:

– Мен вакцинаға қарсы емеспін. Екпе қабылдау үшін уақыт болмады. Қазір екпе егу орталықтары адамдарға лық толы. Кезегімді бір ай күтуге тура келеді.

Австрия билігі коронавирусқа қарсы шараны қатаңдата бастады. Енді вакцина алмағандар жұмыссыз қалуы мүмкін. Kurier басылымының хабарлауынша, әр адамның қолында егілгенін немесе ПТР тест нәтижесін растайтын құжат болуы керек. Ереже бұзған қызметкер 500 еуро, ал жұмыс беруші 3 600 еуро айыппұл төлейді.

Хабар 24 телеарнасы