Берлинде табиғатты қорғаушылар жаңа үкіметке талап қойды

Берлинде 20 мыңдай табиғат жанашыры көшеге шықты. Студенттер мен оқушылар ұйымдастырған акцияны қала тұрғындары да қолдаған.

Шерушілер Бранденбург қақпасынан бастап үкімет орналасқан ауданға дейін жетті. Ал қазір Берлинде жаңа үкімет құру бойынша келіссөз жүріп жатыр. Табиғат қорғаушылар жаңа билік ең бастысы климатқа көңіл бөлуі керек дейді. Олардың ұсынысы: 2025 жылдан бастап іштен жанатын қозғалқышты көліктерді шығаруға тыйым салу. Сонымен бірге көмірден толықтай бас тарту. Дәл осындай шерулер Ұлыбритания, Швеция және Швейцарияда да өтті.

Люзан, оқушы:

- Бізді орманды алқаптардың тоқтаусыз, күніге оталып жатқаны қатты алаңдатады. Мына үнпараққа пластик толған мұхиттың үстімен ұшып бара жатқан ұшақты салдым. Себебі біз әуе көлігін де сирек пайдаланып, велосипедпен жүруіміз керек деп ойлаймын.

Анике, табиғатты қорғаушы: 

- Біз парламенттік сайлауда климатты басты тақырып етіп алдық. Партиялардың барлығы мәселені шешуі үшін стратегия дайындауға уәде етті. Біз енді соның жүзеге асқанын қалаймыз. Алда апта сайын осындай наразылық шараларын өткізуді жоспарлап отырмыз.