Ауғанстанда тәліптерге белгісіз біреулер шабуыл жасады

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының әкімшілік орталығы Джелалабад қаласында белгісіз біреулер шабуыл жасады, деп хабарлайды Хабар 24 Тасс агенттігіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде «Талибан» радикалды қозғалысының қарулы отрядтарының екі содыры қаза тапты.  Бұл туралы сенбіде жергілікті TOLO News телеарнасында айтылды. Алдын-ала болжам бойынша, тәліптерге «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының тармағы болып табылатын «Хорасандағы Ислам мемлекеті» тобының содырлары бірнеше мәрте оқ жаудырған.

Бұған дейін телеарна Джелалабадтағы жарылыс туралы хабарлаған болатын. Жарылыстан бір бала қайтыс болып, тағы екі адам ауыр жарақат алған. Оқиға жеңіл автокөлік минаны басып өте бергенде болған. Мәліметтерге сүйенсек, мина тәліптердің көлігіне әдейі алдын-ала ұйымдастырылған болып шықты.

«Талибан» өкілдері осы екі оқиға туралы әлі түсініктеме берген жоқ.

Сондай-ақ...