Ресейдегі оқ-дәрі зауытында болған жарылыс сәті видеоға түсіп қалған

Рязань астындағы оқ-дәрі шығаратын цехтағы жарылыс сәті видеоға түсіп қалған, жазбаны SHOT жариялады, деп хабарлайды деп хабарлайды «Хабар 24».

Кадрларға қарап, өрт конвейер таспасы жұмыс істеп тұрған кезден басталғандығын байқауға болады. Айта кету керек, кәсіпорын қызметкерлері арнайы киімде болған. Детонациядан кейін олар өндірістен өз бетінше кетіп қалуға тырысқан, нәтижесінде олар бір-біріне соқтығысып қалған.

LIVE мәліметі бойынша, «Эластик» зауытының аумағындағы жарылыс жұмысшылар жаңа ауысымға түсіп, жабдықты қосқан кезде болған. Жарылыстан тірі қалған жалғыз адам ауруханада кө жұмды. Ол медициналық мекемеге санитарлық авиациямен жеткізілген, алайда жарылыс салдарынан болған ауыр жарақаттан кейін дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

Айта кетейік, жарылыстан 17 адам қаза тапты.