Шри-Ланка 1 миллионнан астам адамға ревакцинация жүргізеді

Шри-Ланка 1 миллионнан астам адамға – қауіпсіздік қызметкерлеріне, дәрігерлерге, туризм индустриясының қызметкерлеріне ревакцинация жүргізеді.

Президент Әкімшілігінің мәлімдемесінде оларға 1 қарашадан бастап күшейткіш инъекциялар енгізіледі. Бүгінгі таңда Шри-Ланкада 22 миллион тұрғынның 60%-тен астамы толығымен егілді.

Канаданың батысында 5,5 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинациядан бас тартқандықтан жұмысынан айрылуы мүмкін. Егер 26 қазанға дейін медицина қызметкерлері инфекцияға қарсы екпе жасамаса, олар жалақысыз жұмыстан шығарылуы мүмкін, бұл денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені едәуір арттыруы мүмкін. Осыған ұқсас мәселе басқа провинцияларда да кездеседі.

Сондай-ақ...