Тунис президенті вакцинация паспортын енгізу туралы жарлыққа қол қойды

Бүгіннен бастап COVID-19-ға қарсы жасалған вакцинация құжаты жоқ болса, ешқайда шыға алмайсыз. Жақында Тунис Президенті Каис Саид вакцинация паспортын енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде еркін жүріп-тұру үшін сертификаттың міндетті түрде болуы республика азаматтарына да, Тунисте уақытша жүрген шетелдіктерге де қатысты. Құжат елде тұратын және коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін екпе жасаған 18 жастан асқан барлық адамдарға беріледі.

Инфекция санының өсуіне қарамастан Греция билігі коронавирусқа байланысты қатаң карантин енгізуді жоспарламайды, – деді Премьер-министр Кириакос Мицотакис Брюссельде ЕО саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, елде COVID-19-ды жеңу үшін «абсолютті қаруә болып табылатын вакцина бар. Мицотакис билік барлық азаматтарды, сондай-ақ өздерін антиваксерлер қатарына жатқызатындарды вакцинациялауға сендіре отырып, халықпен келіссөздер әдісімен әрекет етуге ниетті екенін атап өтті.