Канада маңында жүк кемесі өртенді

Канада мен АҚШ-тың арасында теңізде жүрген жүк кемесі өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарға қарағанда 52 тоннадай түрлі химикат алып бара жатқан су көлігінде бірнеше контейнер отқа оранған. Осыдан кейін кемеден 10 экипаж эвакуацияланып, 11 қызметкер қалған. Әзірге өрт толық сөндірілді ме жоқ па белгісіз. Қазір кеме мүйісте тұр. Экипаждың хабарына қарағанда кеме бұған дейін қатты толқынға тап болып, 40 контейнер теңізге құлап кеткен екен.