Ақтөбе облысында карантин жеңілдеді

Ақтөбе облысында карантиндік шектеулерді жеңілдетті. Облыстың Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Енді қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебе болса демалыс күндері «Ashyq» қатысушылары түнгі сағат үшке дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары таңғы сағат беске дейін жұмыс істей алады. Вакциналаудың екі компонентін алған спортшылар мен жаттықтырушылар оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады. Ас бергенде адам саны 50-ден, ал мейрамханада той жасағанда 70-тен аспауы тиіс.