456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өзбекстандағы сайлауда заң бұзушылық болған жоқ – Бас прокурор

  • 161
  • UPD: 19:31, 24.10.2021
Өзбекстандағы сайлауда заң бұзушылық болған жоқ – Бас прокурор

Өзбекстандағы президенттік сайлаудың таза өтуін қадағалау үшін 207 учаскеге бейнебақылау камерасы орнатылған.

Тікелей трансляция орталық сайлау комиссиясының порталында және баспасөз орталығындағы экраннан көрсетілді. Бірақ бұған қарамастан БАҚ өкілдері бірқатар заң бұзуды анықтады. Мысалы, бір адамның бірнеше азамат үшін дауыс беру деректері кездесті. Дегенмен, Өзбекстанның бас прокуратурасы құзырлы органға бұл жайлы арыз-өтініш келіп түскен жоқ деп отыр.

Нигматилла Йулдошев, Өзбекстан Республикасының бас прокуроры:

- Бұл сайлауда жұмыс істеу үшін біз арнайы штаб құрдық. Оның міндеті сайлау кезіндегі құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету әрі дауыс берудің заңға сай жүруін қадағалау. Осы уақытқа дейін штабқа құқық бұзушылықтар жайлы ешқандай арыз түскен жоқ. Егер бұндай дерек байқаған болсаңыздар, құзырлы органға хабарлау қажет. Әр арызды жеке-жеке қараймыз.

Хабар 24 телеарнасы