Өзбекстандағы президент сайлауы. LIVE

Өзбекстанда дауыс беру науқаны аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ала шапанды ағайындардың барлығы дерлік өз таңдауын жасап үлгірді.

Өзбекстанда дауыс беру науқаны қалай өтті?

Риат Шони, тілші:

- Таңсәріден бастап жұмыс істеген сайлау учаскелері жаңа ғана жабылды. Қазір комиссия мүшелері дауыс беру парақтары салынған жәшіктерді ашып, барлығын есептеуге кірісті. Айта кету керек, бүгін Өзбекстан аумағындағы азаматтардың барлығы өздерінің конституциялық құқығын пайдаланды. Қазір мұхиттың арғы жағында, яғни Вашингтон мен Нью-Йорк қалаларында ғана сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр. Жалпы Өзбекстан азаматтары бұл жолғы президенттік сайлаудан зор үміт күтетіндіктерін айтып отыр. Пікірлерін тыңдап көрсек.

БЛИЦ:

- Бұл менің міндетім. Екіншіден, отанымды сүйемін. Зейнетақы көлемі өсіп, зейнеткерлер мен жалғызбасты адамдарға көңіл бөлінсе екен деп тілеймін.

- Өмірімде екінші рет сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Осы жолы дауыс беру белсенді өтіп жатқан сияқты. Сайлау еліміздегі әр саланың дамуына серпін беріп, еліміз гүлдене түседі деп үміттенем.

Ташкент уақытымен сағат 15:30-да Өзбекстанның бас прокуратурасы ешбір заң бұзушылықтың тіркелмегендігін айтқан болатын. Бірақ кейін орталық сайлау комиссия өкілдері азаматтардың «бір адам – бір дауыс» қағидатын бұзғандығын мәлімдеді. Яғни бір азамат өзінің өзге де отбасылар үшін дауыс берген. Қазір бұл дерек тиісті сараптамадан өтіп, прокуратураға жөнелтілді. Енді құзырлы орган өкілдері тиісті шара қолданатын болады. Жалпы дауыс беру күні өрескел дейтіндей бұзушылықтар орын алған жоқ. Саяси маңызды науқанды 1 мыңға жуық халықаралық байқаушылар қадағалады. Олар енді өздерінің бағаларын ертең жарияламақ. Тағы айта кету керек, Өзбекстанда exit pool ұйымдастырылмайды. Алдын ала қорытындыларды білу мүмкін емес. Сондықтан орталық сайлау комиссиясының ресми жариялауын ғана күту қажет. Ал олардың заң жүзінде қарашаның 3-іне дейін уақыттары бар.