Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы ереуіл тәртіпсіздікке ұласты

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы ереуіл тәртіпсіздікке ұласты

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы наразылық акция тиылар емес.

Пәкістанның батысындағы Чаман қаласына жиналған ауған тұрғындары тәліптерден шекараны ашуды талап етті. Шара тәртіпсіздікке ұласты. Ашуға бой алдырғандар тәртіп сақшыларына тас лақтырған. Жиналғандарды тарату үшін әскерилер көз жасаурататын газ қолданды. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, екі ел арасындағы бақылау-өткізу бекеттерін тәліптер қазанның 5-і күні жапқан еді. Пәкістан тарапы болса шекараны ашу үшін тәліптермен келіссөздер өткізіп жатыр.

Елдің сыртқы істер министрлігі екі ел арасындағы сауда сатық қайта жандану үшін әрі Ауған жұртына гуманитарлық көмек көрсету үшін шекараны тәулік бойы ашық ұстайтынын жариялады. Сонымен қатар жақын арада Кабулға қатынайтын әуе рейстері қайта ұша бастайтынын хабарлады.