Флоридада шаяндарды жеу фестивалі өтті

АҚШ-тың Флорида штатында жыл сайын ұйымдастырылатын тас шаяндарды жеу фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрге айналған шараның ережесі бойынша қатысушылар 25 шаянды жылдам жарып, жеу керек болды. Ойын қорытындысы бойынша 55 жастағы Майами Хуан Маллен чемпион атанды. Жеңімпаз алға қойған мақсатын 14 минут 29 секунд ішінде тындырған. Осымен Мален қатарынан 10 жыл бойы қатысқан конкурста 3-нші мәрте жеңіске жетті.