Түркияда коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны өршіп тұр

Түркияда коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны өршіп тұр

Түркияда коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны төмендемей тұр.

Соңғы 24 сағат ішінде COVID-19 жұқтырудың тағы 24 792 жағдайы анықталды. Осылайша, елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 7 851 805 адамға дейін өсті, мұндай деректерді елдің денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

Ал пандемия құрбандарының саны 69 112 адамға дейін өсті, олардың 195-і өткен тәулікте қайтыс болды.

Түркияда covid-19 вирусына қарсы жаппай вакцинация 14 қаңтарда басталды. Соңғы деректерге сәйкес, бүгінгі күні вакциналардың 115 040 699 дозасы қолданылған.