Ауғанстан мен Пәкістан шекарасы 3 сағатқа ашылды

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасы 3 сағатқа ашылды. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, екі мемлекет арасында жиналған жүздеген халық өз еліне өте бастады. 

Айта кетейік, шекара 3 апта бойы жабық. Бұған дейін Пәкістанның Чаман қаласында жиналған жұрт бақылау-өткізу бекеттерін ашуды талап етіп, ереуілге шыққан. Шара тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Жиналғандарды тарқату үшін әскерилер көз жасаурататын газ қолданды. Наразылар болса шекарашыларға тас жаудырған.

Жалпы Чаман қаласы арқылы Ауғанстанның Спин Болдак елді мекеніне өтуге болады. Өңір – екі елдің экономикасына да өте маңызды аймақ. Билік басына тәліптер келмес бұрын бұл шекарадан күніне мыңнан астам жүк көліктері өтетін.