Өзбекстанда халықаралық байқаушылар сайлау қорытындысын айтты

ТМД және де парламенттік ассамблея атынан Өзбекстанға барған халықаралық байқаушылар өз миссияларын аяқтады. Бүгін ұйым өкілдері БАҚ баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, сайлау жайлы өз қорытындыларын айтты.

Көрші мемлекеттегі дауыс беру науқанын бақылау үшін ТМД-ның 7 елінен 160-тан астам байқаушы қатысқан. Олар өз жұмысын қыркүйектің 29-ы бастаған.

Байқаушылар Өзбекстандағы сайлау заңға сай өткендігін айтып отыр. Олар осы жолғы науқанда дауыс берушілердің электронды тізімі құрылғандығын ерекше атап өтіп, оның екі рет дауыс беруге тосқауыл болатындығын жоғары бағалады. Бірақ бірқатар олқылықтар да болды,– дейді миссия мүшелері.

Сергей Лебедев, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы:

– Сайлау кезінде техникалық тұрғыдағы кейбір кемшіліктер болды. Бірқатар учаскелерде байқаушыларға арналған орындықтар өте ыңғайсыз қойылған. Бұл өз кезегінде дауыс беру процесін толық бақылауға кедергі болды. Өзге жерлерде бюллетень салатын жәшіктер дұрыс қойылмаған. Осындай ұйымдастыруға қатысты бірқатар ескертулер болды.