Ресейдің алты өңірінде коронавирусқа қатысты демалыс күндері басталды

Ол қарашаның 7-сіне дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында тек медициналық мекемелер, дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана ашық болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық көліктердің де жұмыс істеуіне рұқсат. Бірақ кафе мен мейрамханалар тек өзімен бірге алып кету қызметін ұсына алады. Бұдан бөлек, жұмыс берушілер қызметкерлерінің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеу форматына көшіруі тиіс. Ал егде жастағылар мүмкіндігінше үйде қалулары қажет. Осылайша, билік өкілдері аймақтағы вирус жұқтыру деректерін азайтып, халықты вакцина алуға ынталандырмақ ниетте.

Айта кетейік, бұған ел президенті қажет болған жағдайда әр өңір қосымша шаралар қабылдап, демалыс күндері мерзімін ұзарта алатынын айтқан еді.