Tesla әлемдегі ең қымбат көлік өндіруші атанды

Электромобиль жасайтын америкалық Tesla компаниясы әлемде ең қымбат авто өндіруші атанды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жуырда автоконцерн көліктерді жалға берумен айналысатын Хэртц ((Hertz)) фирмасымен келісім-шартқа отырған. Осыдан кейін Tesla-ның нарықтағы капитализациясы 1 триллион доллардан асып жығылды. Ал акциясы 15 процентке артты. Илон Масктың дәулеті енді 249 млрд доллар деп бағаланып отыр.

Құжатқа сәйкес, Хэртц компаниясы Илон Масктың корпорациясына құны 4 млрд доллар болатын 100 мың көлікке тапсырыс берген.  Шарт бойынша Tesla өз міндеттерін 2022 жылдың соңына дейін орындауы тиіс.