430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Джефф Безостың компаниясы ғарыш станциясын құрады

  • 107
  • UPD: 14:23, 26.10.2021

Американдық миллиардер Джефф Безостың Блу Ориджн ((Blue Origin)) мен Сиера Спэйс ((Sierra Space)) компаниялары бірлесіп коммерциялық ғарыш станциясын құрмақ.

Жоспар бойынша жер маңайындағы орбитада орналасатын жаңа станция 20-жылдардың екінші жартысында іске қосылмақ.

«Орбиталды Риф» деп аталатын жоба кәсіпкерлер, туристер мен  ғарышта ғылыми жоба жүргізетін зерттеушілер үшін жұмыс істейді. Ал компания өз тарапынан әр тұтынушыға қызметтің барлық түрін ұсынылады деп сендіріп отыр.

Айта кетейік, Блу Ориджн ((Blue Origin)) ғарыш станциясын салу ісімен бір жылдай уақыт айналысып келеді.

Хабар 24 телеарнасы