Рик дауылының екпіні бәсеңдеді

Мексиканың батысында ойран салған Рик дауылының екпіні біршама бәсеңдеді. Қазір ол сағатына 130 шақырым жылдамдықпен Мичоакан штатындағы портқа қарай бағыт алды.

Мамандар  нөсерден аймақта су тасқыны басталу қаупі бар екенін ескертеді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Рик тропикалық дауылынан Герреро мен Мичоакан штаттарында 100 мыңнан астам адам жарықсыз қалды. Қазір апат салдарын жою үшін 1 мыңнан астам маман мен екі тікұшақ және 600-ге жуық өзге техника  жұмылдырылды. Әзірге табиғат апатынан келген шығын мөлшері есептелмеді. Жарақат алғандар жайлы да ақпарат түскен жоқ.