Әзербайжанда жалған вакцинация паспортын жасатқандар 5 жылға бас бостандығынан айырылады

Әзербайжанда сатып алынған вакцинация паспорттары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тіпті темір торға түсуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап.

Республика ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Эльшад Гаджиев жалған ковид сертификатын алған тұрғындар жазадан жалтара алмайтыдығын мәлімдеді.

«Әзербайжан заңнамасына сәйкес жалған COVID-паспортын сатып алудың қылмыстық құрамы бар екенін хабарлаймыз», — деді Гаджиев.

Егер вакцинация туралы заңсыз құжаты бар азамат басқа адамға вирус жұқтырса және ол адам қайтыс болса, жаза 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қарастырылған.

Ал Гонконг пандемияға байланысты елге кіру шектеулерін күшейтуде – 21 күндік оқшаулау белгіленді. Бұл туралы автономия әкімшілігінің басшысы Кэрри Лам мәлімдеді. Карантиндік ерекшеліктер тек шұғыл қызмет жұмыскерлері мен азық-түлік тасымалдайтын жүк көліктері үшін қарастырылатын болады. Кэрри Лам карантиндік шараларды күшейту материктік Қытаймен шекараны тезірек ашуға деген ұмтылыспен байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ, қонақ үйлерде топ-менеджерлер, ірі корпорациялардың басшылары, ғалымдар, сондай-ақ кемелер мен ұшақтар экипаждарының мүшелері міндетті 21 күндік карантиннен өтпейді.

Сондай-ақ...