Қытайда 3 жастан асқан балаларға екпе салына бастады

Қытайдың кейбір өңірлерінде 3 пен 11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастады.

Бұл мақсатта инактивті үш қытайлық вакцина қолданылып келеді. Олардың барлығы тиісті сынақтан өтіп, маусым айында үкімет пайдалануға рұқсат берген. Ал шілде айынан 12 жастан асқан оқушыларға екпе салына бастады.

Еске салайық, қыркүйекте ауруды жұқтырғандардың жартысынан көбі балалар болған. Вирус тарап жатқан қазіргі жағдайда үкімет вакциналау бағдарламасына жеткіншектерді де қосты. Препарат құрамындағы заттарға аллергиясы бар, жүйке жүйесі дерттеріне шалдыққан, созылмалары аурулары асқынған және дене қызуы жоғары адамдар екпе салдырудан босатылады.

Бүгінде Қытайда халықтың шамамен 75 проценті, яғни 1 миллиард 67 миллион адам вакцина алды.