БАӘ мен Бахрейнде вакцинациядан өтіп, Өлі теңізге саяхатқа баруға болады

Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн Корольдігінде вакцинациядан өтіп, Өлі теңізге саяхатқа баруға болады. Израиль Парсы шығанағындағы екі елдің вакцинация сертификаттарын мойындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрі Ницан Хоровиц Израиль, БАӘ және Бахрейн арасында «жасыл дәліз» туралы келісімге қол қойды. Әмірліктерде халықтың 86,9%-ы, Бахрейнде-66%-ы толық вакцинациядан өтті. Бұл елдерде ДДСҰ сертификаттаған коронавирустық препараттар ғана емес, сонымен бірге ресейлік «Спутник V» вакцинасы да қолданылады.

Өзбекстан Үкіметі Ресейге вакцинация сертификаттарын өзара тануды ұсынуға дайындалып жатыр. Билік өз ұсынысын қараша айының ортасына дейін жариялауға дайын. Сонымен қатар бұл құжат Ресей Федерациясымен де, ТМД және алыс шетелдермен де вакцинация сертификаттарын тануды қамтиды.

«Бұдан әрі бұл елдердің, атап айтқанда Ресей Федерациясының сертификаттарды тану туралы осы ұсынысқа қалай жауап беретініне байланысты», – деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің басшысы Баходыр Юсупалиев.