Франция экономикасын көміртекті бейтараптыққа көшіру құны 70 млрд еуроны құрады

Францияда 2050 жылға дейін ел экономикасын көміртекті бейтараптыққа көшіру құны есептелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін Ұлттық компания екі жыл бойы зерттеу жүргізіп, «жасыл» экономикаға көшудің 6 бағытын жасап шыққан. Оның ішінде атом энергетикасынан толығымен бас тарту сценарийі де бар. Реформалардың орташа бағасы – жылына 70 миллиард еуроны құрайды.

Жалпы, сарапшылардың айтуынша, Франция энергетика кәсіпорындарын толығымен жаңартуы керек. Яғни жел мен күн станцияларының құрылысымен бірге біртіндеп ескірген реакторлар тоқтатылып, жаңа атом электр станциялары салынбақ.

Барбара Помпили, Францияның экологиялық түрлену министрі:

– Бізде 2050 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа көшіп, мұнай, газ секілді қазба отындарынан бас тартуға мүмкіндік беретін бірнеше сценарий бар. Энергия көздерін импорттау бізді өзге елдерге тәуелді қылады. Ал сарапшылар ұсынған даму жолдары халықтың тұтынушылық қабілетіне айтарлықтай әсер етпеуге мүмкіндік береді. Яғни энергиялық тиімділік пен тұтынуды қысқартудың арқасында тариф шамамен бұрынғы қалпында қалады.