Чимборасо жанартауына шыққан альпинистер қаза тапты

Эквадордың ең биік шыңы Чимборасо жанартауына шыққан 3 альпинист қар көшкінінен қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттан тағы бір адамның жарақат алғаны белгілі. The Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 12 альпинистті құтқару операциясына 2 күндей уақыт кетті. Болжам бойынша 6 мың метр биіктікке шыққандардың барлығы – Эквадор тұрғындары. Апаттан кейін жергілікті билік Чимборасо маңындағы қорықтарды уақытша жауып тастады.

Сондай-ақ...