434,46 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Куба шетелдіктерге шекарасын ашады

  • 96
  • UPD: 07:47, 27.10.2021
Куба шетелдіктерге шекарасын ашады

Куба билігі қарашаның 15-інен бастап шетелдік туристердің ел аумағына өту тәртібін жеңілдетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни саяхатшылардан теріс нәтижелі ПТР-тест талап етілмейді. Өйткені сол уақытқа дейін ел үкіметі жергілікті халықтың басым бөлігіне вакцина салып үлгермек. Бұдан бөлек, міндетті түрде карантинде қалу жағы да алынып тасталмақ.

Айта кетейік, бүгінде бостандық аралында вирус жұқтыру деректері айтарлықтай аз.

Хабар 24 телеарнасы