434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балалар коронавирусқа қарсы егілмек

  • 119
  • UPD: 09:22, 27.10.2021
АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балалар коронавирусқа қарсы егілмек

АҚШ-та Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының кеңесшілері ковидке қарсы Pfizer/BioNTech компаниясының вакцинасын 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға салуды жөн көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дауыс беруде 17 маман шараны дұрыс деп қабылдаса, бір сарапшы қарсы шықты. Ал келесі аптада АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары өз нұсқаулықтарын ұсыну керек. Болжам бойынша аталған вакцина келесі айдан бастап елдегі 28 млн балаға қолжетімді болмақ.

Айта кетейік, пандемия басталғалы құрама штаттарда Коронавирус індетінен 500-ден астам бала көз жұмды. Бүгінде 12 мен 15 жастағы жасөспірімдердің 47 проценті ковид індетіне қарсы егілген. 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға жүргізілген клиникалық зерттеудің нәтижесі бойынша Pfizer мен BioNTech компаниясының препараты 90,7 процент тиімділік көрсетті. Енді компания 2 мен 4 жастағы бүлдіршіндерге жүргізген зерттеу нәтижесін жыл соңына дейін ұсынбақ.

Хабар 24 телеарнасы