Кабулдағы балалар ауруханаларында жағдай күрделі

Дәрі-дәрмек жоқтың қасы. Қажетті құрал-жабдық пен мамандар да жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір медбике тиісті 4 баланың орнына 20 науқасқа қарауға мәжбүр. Ал жаңа туған нәрестенің өкпесін желдететін бір аппаратқа 3-4 шақалақ қосылған. Өз кезегінде дәрігерлер бірнеше ай бойы жалақы алмай, жұмыс істеп келе жатыр екен. Айта кетейік, Ауғанстанның денсаулық сақтау саласындағы ахуал «Талибан» қозғалысы билікке келгелі күрт нашарлап кетті.

Сондай-ақ...