433,32 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жапонияда ұшатын мотоцикл пайда болды

  • 182
  • UPD: 18:52, 27.10.2021

Стартапты ұлттық өндіріс алпауыттарының көмегімен жергілікті компания жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұшатын көлік дәстүрлі қозғалтқыш және төрт электр мотормен жабдықталған. Осының арқасында көкте сағатына 100 шақырым жылдамдықпен 40 минуттай ұшуға болады.

Айта кетейік мотоциклдің құны – 680 мың доллар. Компания ховербайк құны қымбат болғанымен, қалталы тұтынушылар алатынына сенімді. Алайда Жапонияда мұндай көлікті пайдалану көп қиындыққа әкелуі мүмкін. Себебі күн шығыс елінде жол және әуе қозғалысы қатаң реттеледі.

Дайсукэ Катано, A.L.I. Technologies компаниясының бас директоры:

– Бұл ұшатын мотоциклді құтқару шаралары кезінде қолдануға болады. Мысалы, табиғат апаты кезінде оқшауланып қалған адамдарға көмек көрсету үшін өте қолайлы болмақ.

Хабар 24 телеарнасы