Ресейде «Спутник V» вакцинасының мұрынға шашатын түрі сынақтан өтеді

Ресейде «Генериум» компаниясы «Спутник V» вакцинасының мұрынға шашатын түрін клиникалық сынақтан өткізуге өтініш білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірлестіктің мәлімдеуінше, препараттың тиімділігі екпемен бірдей. Бірақ алғашқы вакцинаға қарағанда жұмсақ әсер етіп, жеңіл қабылданады. Компания өкілдері, билік вакцинаның жаңа түрін 6-8 айдан кейін тіркеуге рұқсат береді деп үміттеніп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі екпенің екінші сынағын өткізуге қазан айында рұқсат берген. Оған 500 ерікті қатысып, шара осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғаспақ.

Сондай-ақ...