Римде ұшатын такси прототипі таныстырылды

Римде ұшатын такси прототипі көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба авторларының айтуынша, құрылғы жергілікті әуежайдың жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Оның үстіне дрон-такси кәдімгі көлікке қарағанда экологиялық зияны жоқ екен. Өйткені бензин қажет емес. Volocopter компаниясының өкілдері атап өткендей, әлгі аппаратқа тиісті қауіпсіздік сертификаты берілсе, ол 2024 жылдан бастап пайдалануға беріледі. Сөйтіп 2 жолаушыны тасымалдай алатын такси қала мен әуежай арасында қатынайтын болады.

Сондай-ақ...