Мигранттардың керуені АҚШ шекарасына жақындап қалды

Гватемаладан шыққан босқындар керуені Мексиканың оңтүстігіне қарай бет алды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақта 4 мыңға жуық мигрант жиналған. Олардың төрттен бір бөлігі – балалар. АҚШ-қа бас сауғалаған келімсектердің дені – Орталық және Латын Америка елдерінің азаматтары. Жергілікті билік олардың АҚШ шекарасына жақындап қалғанын айтады.

Жалпы, аймақтағы миграциялық дағдарыс пандемия басталғалы ушығып кетті. Соңғы 12 айдың ішінде екі елдің шекарашылары мен кеден қызметінің мамандары 1 млн 700 мыңнан астам кірмені өз еліне департациялады.

Луис Гарсиа, мигрант:

– Арамызда 7 жасқа толмаған мыңнан астам бала бар. Ал кәмелет жасқа дейінгілердің қатары 1500-нан асады. Одан бөлек 65 жүкті әйел жиналған. Оларға бұл сапар оңайға соқпай тұр.