430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Чилиде індеттің өршуінен карантиндік шектеулер қайта енгізілді

  • 113
  • UPD: 13:36, 28.10.2021
Чилиде індеттің өршуінен карантиндік шектеулер қайта енгізілді

Чилиде әлеуметтік арақашықтық шектеуі қайта енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған елде коронавирусты жұқтырғандар санының артуы себеп. Індеттің ең көп таралуы ел астанасы Сантяьгода тіркеліп отыр. Бірақ дәрігерлер вирусты жұқтырғандардың басым бөлігі вакцина салдырмағандар дейді.

Айта кетейік, 19 миллионнан астам тұрғыны бар Чилиде коронавирусқа қарсы халықтың 92 проценті толық егілген. Қазір 6 мен 11 жас аралығындағы балаларды вакциналау қолға алынған.

Хабар 24 телеарнасы