Иран жетекші елдермен ядролық келіссөз жүргізуге дайын

Тегеран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты жетекші елдермен келіссөз жүргізуге дайын.

Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Али Багери Еуроодақтың осы мәселе бойынша үйлестірушісі Энрике Морамен болған кездесуден кейін твиттер парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар келіссөзді қарашаның соңында бастауға келіскен. Нақты күні келесі аптада жарияланбақ.

Еске сала кетейік, сәуір айында Тегеран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты 2015 жылы қол қойылған Бірлескен жан-жақты іс-қимыл келісім-шартын қайта қалпына келтіру туралы келіссөздерді бастаған. Еуроодақ келісімнің үйлестірушісі ретінде әрекет етіп жатыр. АҚШ бұл құжаттан 2018 жылы шығып кеткен.