Австралияда 6 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды

Австралияның оңтүстігінде бұршақ жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан көшелерді су басты. 8 мектеп шұғыл жабылды. 6 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Төгіп өткен бұршақтан дүрліккен жұрт тіпті жергілікті жедел әрекет ету орталығына хабарласып, көмек сұрай бастаған.

Айта кетейік, Австралия үшін табиғаттың дәл осылай тосын мінез танытуы – сирек кездесетін құбылыс.