Қытайда дизель отыны тапшы

Кей өңірлерде көлік жүргізушілері оны тек белгілі бір сомаға сатып ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көктемнен бері дизель бағасы үш юаньға қымбаттады. Бұл шамамен 200 теңге. Онсыз да көмір мен газдан тарлық көріп отырған Қытай эконмикасына бұл қосымша салмақ түсірді. Қаңтар айынан қыркүйекке дейін елде 156 миллион тонна дизель отыны шығарылды. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5% кем. Алайда ел астанасы Бейжіңде тапшылық аса білінбейді. Ал өзге өңірлерде жағдай мәз емес. Мысалы, елдің солтүстік-шығыс аймағында жүк көліктері тек белігілі бір сомаға дизель отынын құя алады. Осының салдарынан жүргізушілер алыс жолға шықпай отыр. Электр қуатымен қамтамасыз ету қысқартылғандықтан, кәсіпорындар дизель отынын көбірек пайдалана бастады. Мәселені шешу үшін өндірісті арттырып, экспорт мөлшерін азайту ұсынылды. Алайда сарапшылардың пікірінше, жақын арада жағдай тұрақталмайды.