Германияда коронавирус қайта өршіді

Соңғы тәулікте елде 28 мың науқас анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан бір апта бұрын ауру жұқтыру дерегі едәуір аз болатын. Жансақтау бөліміне жатқызылған науқастар саны 15 процентке артты. Олардың көбі – екпе алмаған азаматтар. Жағдайдың ушығуынан қауіптенген дәрігерлер дабыл қағып отыр. Кей ауруханада жоспарлы операциялар кейінге қалдыра бастады. Медициналық мекемелерге салмақ түсірмеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі халықты екпе салдыруға шақырып отыр. Бүгінде 84 миллион халқы бар Германия тұрғындары толығымен вакциналанды.

Дирк Визе, Социал-демократиялық партия фракциясы төрағасының орынбасары:

– Жаңа үкімет кезінде мектептердің жабылмайтынын, локдаун мен коменданттық сағаттың болмайтынын ерекше атағым келеді. Өйткені бұл асырасілтеушілік болар еді. Бірақ күз бен қысты жауапкершілікпен өткізіп, көктемде індетті еңсеруіміз қажет. Сондықтан біз көктемге дейін федералдық өңірлерде қолданылатын арнайы ережелер дайындадық.