Франция мен Британия арасындағы дау ушықты

Франция балық аулайтын кемелерді тексеру кезінде тиісті лицензиясы жоқ британ кемесін ұстады.

Тағы біріне айыппұл салды. Бұл Ұлыбританиямен арадағы дауды одан сайын ушықтырды. Жалпы балық аулауға қатысты дау-дамай екі ел арасында біраз уақыттан бері жалғасып келеді. Британия өз су айдындарында француз кемелерінің балық аулауына лицензия бермейді. Енді Франция да құр жатпай, осындай әрекетке барып отыр.