430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Венгрияда мемқызметкерлер вакцина салдыруға міндеттелді

  • 101
  • UPD: 13:23, 29.10.2021
Венгрияда мемқызметкерлер вакцина салдыруға міндеттелді

Венгрияда мемлекеттік қызметкерлер вакцина салдыруға міндетті.

Жұртшылық қоғамдық көліктерде бетперде киюге тиіс. Билік елде тәртіпті қатаңдатты. Өйткені басқа амал жоқ. Вакциналау қарқынын да үдете түспек. Қазір елде науқастардың арта түскені байқалады. Мәселен, соңғы тәулікте қауіпті вирус 4 мың тұрғыннан анықталды.

Айта кетейік, 10 миллион тұрғыны бар Венгрия елінде бүгінге дейін 6 миллиондай адам вакцина салдырған.

Хабар 24 телеарнасы