Таиланд туристерге шекарасын ашады

Қарашаның бірінен бастап Таиландтағы ұшақтар қайтадан көкке көтеріледі.

19 айлық үзілістен кейін олар бұрынғыша турист тасымалымен айналыса бастайды. Осыған байланысты инженер, ұшқыш пен бортсеріктердің бәрі дайындыққа кірісті. 

Кохчамон Питаяпитпат, Thai Air Asia ұшағының экипаж мүшесі:

– Қатты қобалжып тұрмын. Себебі Тайланд туризм елі болғандықтан шетелдіктер осында саяхаттауды жақсы көреді. Шынымды айтсам, оларды тағатсыздана күтіп жүрмін. Өйткені соның арқасында елдегі шағын және орта бизнес өркендеп, дами түседі.  

Тайланд премьерінің айтуынша, 1 қарашадан бастап әлемнің 46 елінің азаматына шекарадан өтуге рұқсат беріледі. Вакцина алғандары карантинде қалудан босатылады. Осылайша ел үкіметі жыл соңына дейін 100 мың жиһанкезді қабылдауды көздеп отыр. Ал Чили билігі, керісінше, халықаралық рейспен ұшып келгендердің бәрін 5 күнге дейін оқшауда қалдыру туралы шешім шығарды. Өйткені соңғы уақытта елде вирус жұқтырғандар саны арта бастаған.

Мартин Маккенна, Чилидің азаматтық авиация кеңесінің бас хатшысы:

– Вакцина алғандар азаматтар Чилиге келгенде 5 күнге дейін карантинге жатқызылады. Бірақ шекарадан өту кезінде ПТР-тестілеуден өтіп, теріс нәтиже көрсетсе, онда бұл мерзім қысқартылуы мүмкін.