434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ғарышқа аттанғалы отырған астронавттар жарты жыл бойы орбитада болады

  • 152
  • UPD: 11:26, 30.10.2021
Ғарышқа аттанғалы отырған астронавттар жарты жыл бойы орбитада болады

НАСА ертең 4 астронавтты Халықаралық ғарыш станциясына ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Команданы SpaceX компаниясының Dragon атты капсуласы жеткізеді. Ол Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығынан көкке көтеріледі. Сөйтіп 3 америкалық және бір Германия азаматынан құралған ғарышкерлер тобы жарты жыл бойы орбитада болады.

Айта кетейік, миллиардер Илон Масктың ғарыш компаниясы бұған дейін де 3 рет осыған ұқсас миссияны сәтті жүзеге асырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы