Әлемде жаңа вирус пайда болуы мүмкін

Әлемде жаңа вирус пайда болуы мүмкін әрі оған төтеп беру қиын болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус «Үлкен жиырмалық» елдері, Денсаулық сақтау және Қаржы министрлері қатысқан кездесуде осыны ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, адамзат алдағы індеттерге дайын болуы үшін қазіргі пандемиядан сабақ алуға тиіс. Бұдан басқа, әлемге түрлі аурулармен күресте жаңа қаржылық жүйе мен тиімді басқару тетігі керек. Бұл үшін денсаулық сақтау саласындағы қауіп-қатерге қарсы тұру бойынша қаржыландыру жөніндегі кеңес құрылып, пандемиялармен күрес туралы келісімшартқа қол қойылуы қажет дейді ол.