Бразилия ғалымдары ягуарды ЭКО әдісімен көбейтіп жатыр

Бразилия ғалымдары тұқымы азайып кеткен ягуарларды ЭКО-ның көмегімен көбейтуге кіріскен.

Жабайы мысықтардың кемуіне өрт пен орман ағаштарын кесу басты себеп. Тіршілік ететін аумағына қауіп төнген соң аңдар жан-жаққа қашып, бір-біріне жоламай кеткен. Зерттеушілер осылай жалғаса берсе, теңбілшерлердің тұқымы құрып кетуі мүмкін деп, заманауи әдістерге жүгінген.

Линдси Вансандт, мал дәрігері:

- Табиғаттағы теңбілшерлердің саны бүгінде 40-тан 50 мыңға дейін жетеді. Бірақ олар оқшауланып қалған, емін-еркін жүре алмайды, сондықтан көбеймейді. Бірақ теңбілшерлердің қатарын арттыру үшін еркегінің ұрығын алып, басқа жердегі ұрғашысына салуымыз керек.